СҚО әкімі машина жасау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысында машина жасау саласының қызметкерлерi күнiне араналған салтанатты iс-шара өттi. Кәсiби мереке «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ аумағында ұйымдастырылды.

 Осы күнi өңiрдiң алдыңғы қатарлы кәсiпорындарының бiрi 55 жылдығын атап өттi, деп хабарлайды өңр басшысының баспасөз қызметі.

Сала өкiлдерiн облыс әкімі Ерiк Сұлтанов құттықтады. Ол машина жасау саласының ғылыми-техникалық, интеллектуалдық ерекшелiгiне тоқталды. Бұл саланың кез келген мемлекеттiң экономикасының негiзi екенiн атап өттi.

445  

«Солтүстiк Қазақстан облысына сапарында өңiр өндiрiсiнiң қуатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев оң баға бердi. Солтүстiкқазақстандық машина жасау саласының тарихы тереңде жатыр. Бұл жетiстiктер аталған салада талай жыл қызмет еткен ардагерлердiң ерең еңбегiнiң, олардың жастарға үйреткен тәжiрибесінiң арқасы»,- дедi Ерiк Хамзаұлы.

Бүгiнгi таңда Солтүстiк Қазақстан облысында 47 машина жасау кәсiпорны жұмыс iстейдi. Онда 5 мыңнан астам маман еңбек етуде.

Кәсiби мереке күнi өңiрдiң машина жасау саласына қосқан ерен еңбегi үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен 12 адам марапатталса, тағы 11-iне Алғыс хаттар тапсырылды.

Бұдан бөлек, «Құрметтi машинажасаушы» төсбелгiсiмен 4 сала қызметкерi марапатталса, машина жасау кәсiпорындарының тағы 4 маманына ҚР Қорғаныс министрлiгiнiң Құрмет грамотасы табысталды.

445  

Сонымен қатар, салтанатты iс-шара аясында электроәрлеушi, және қырнаушы мамандардың кәсiби шеберлiк байқауының қорытындысы шығарылды. Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлерi арасындағы мерекелiк байқау нәтижесi бойынша «Үздiк жас маман» атағы жинау цехының 3 санатты қырнаушысы Виталий Мыльниковке берiлдi. «Алтын қолды шебер» атағына жинау цехының фрезершiсi Николай Клюев және энергетикалық машина жасау цехының электрәрлеушiсi Александр Саморенов ие болды.

Салтанатты iс-шара мерекелiк концертке жалғасты.

Соңғы жаңалықтар