СҚО әкімі: Инвесторларға жер таба алмадық, бәрін сатып жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлда бұдан былай жер телiмдерi ашық аукциондар арқылы сатылатын болады. Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жер қатынастары басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында осылай деп мәлiмдедi. Бұрын жер сату саудасы облыс орталығында өткiзiлмейтiн едi. Салдарынан қазiр қалада бос жер учаскелерiнiң тапшылығы байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қалада бос жер телiмi жоқтың қасы. Инвесторларға жер таба алмадық. Бәрiн 10 жыл бұрын сатып жiберген, аукционсыз. Ендi жер телiмдерi тек ашық аукцион арқылы сатылу керек. Жердi алғаннан кейiн онда нысан тұрғызу қажет, өйтпеген жағдайда қайтарып аламыз», - дедi өңiр басшысы.

Атап өтілгендей, жер телiмдерiн сату кезiнде барлық жағдайларды ескерген жөн. Әсiресе, демалыс орындарында жердi сатуға тыйым салынды.

«Адамдар демалатын орындарда жердi мүлдем сатуға болмайды. Бiзде саябақта жердi үй тұрғызуға сатып жiберген. Жаяу жүргiншiлер өтетiн жерге баспана тұрғызу еш қисынға келмейдi», - дедi Құмар Ақсақалов.

Атап өткен жөн, былтыр облыста 188 мың гектар жер мемлекеттiң меншiгiне қайтарылған.


Соңғы жаңалықтар