СҚО әкімдігінде екі жаңа басқарма құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғау және жастар саясаты мәселелері бойынша екі жаңа басқарма құрылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жаңа басқарма жетекшілерін әкімдік жиналысы барысында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов таныстырды.

Мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғау басқармасының жетекшісі міндетін уақытша атқарушы қызметіне Нұрлан Бүркіталин тағайындалды. Ол әр жылдарда жылдары мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғау басқармаларының, СҚО табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою ұйымының басшысы және СҚО әкімі аппаратының мобилизациялық дайындық және аймақтық қорғау бөлімінің меңгерушісі болған. Сондай-ақ 2016 жылдан бүгінге дейін СҚО жер инспекциясы жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

Мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғау басқармасы ТЖ алдын алумен және ол туралы хабарландырумен, табиғи және өзге де апаттардан халықты қорғаумен айналысады. Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма алдында әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау міндеті тұр.

Ирина Тухватулина басқарманың жетекшісі міндетін уақытша атқарушы қызметіне бекітілді. Ол 2010 жылдан бүгінге дейін Петропавл қаласындағы №17 ұлттық жандану мектеп-кешенінде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. Облыстық мәслихаттың 6 шақырылымының депутаты.

Соңғы жаңалықтар