«Скиапарелли» модулі Марсқа соғылып, қирады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕҒА) ресейлік-еуропалық «ЭкзоМарс-2016» миссиясының «Скиапарелли» (Schiaparelli) модулі Марстың бетіне соғылып, қирағанын мәлім етті.

«Лента.ру»-дың хабарлауынша, бұл туралы ақпарат 21 қазан күні агенттіктің сайтында орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Роскосмос «Скиапареллидің» жоғалғандығын растаудан бас тартқан еді.

«Скиапарелли» атмосфераға кіру технологияларын зерделеуге, төмен түсу, қону және зерттеулер жүргізуге арналған болатын.

Ресейлік-еуропалық «ЭкзоМарс-2016» миссиясы 14 наурыз күні Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығышының көмегімен ұшырылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар