«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысын қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «СҚ-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы Максим Касаткиннің қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Астанадағы №2 Алматы аудандық соты күдікті Максим Касаткиннің қамаудағы мерзімін 2018 жылдың 15 наурызына дейін ұзартты»,-деп хабарлады астаналық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін жарияланғандай, Максим Касаткин 2017 жылдың 15 қыркүйегінде ұсталған болатын. Құқық қорғау органдары оның 2015 жылы жүргізген дәрілік заттар мен медициналық мақсатта пайдаланылатын құралдарды сатып алу жұмыстарына қатысты заңсыз іс-әрекеттерін тексеру үстінде.

Соңғы жаңалықтар