Сирияның Хама қаласының вокзалында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның Хама қаласының автовокзалында ірі жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, кем дегенде үш адам ажал құшты, жарақаттанғандар саны өте көп.

Росбалттың SANA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыс жолаушылар Масьяф қаласына аттануға дайындалып жатқан кезде вокзал аумағында орын алған.

Еске салсақ, өткен жылдың 3 қазаны күні лаңкестер аталмыш қалада екі жарылыс ұйымдастырған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті «Даиш» лаңкестік тобы өз мойнына алды.

 

Соңғы жаңалықтар