Сириялық қарулы оппозиция Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириялық реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысы барысында Сирия қарулы оппозициясы делегациясының жетекшісі Мохаммед Аллуш Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты. Бұл жайында ҚазАқпарат келісссөздерді ұйымдастыруға қатысы бар дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сирия қарулы оппозициясы делегациясының жетекшісі Мохаммед Аллуш өз сөзінде  келіссөзге қатысушылары үшін барлық жағдай жасап, қонақжайлық танытқан Қазақстан халқына жәнеи Президент Назарбаевқа алғысын білдірді. Сонымен қатар ол Түркия, Иордания, Катар, БАӘ-ге ризашылығын білдіріп, Ресейдің соғыс іс-қимылдарын тоқтату режіміне қол қойылған сәттен бастап конструктивті тәсіл қолданғанын атап өтті», - деді келісссөздерді ұйымдастыруға қатысы бар дереккөзі.

Соңғы жаңалықтар