Сириядағы соғысқа қатысқан БҚО тұрғыны 10 жылға сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қалалық соты Жанат Арыстановқа қатысты үкімді жария етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, исламның радикалды бағытын ұстанған Ж.Арыстанов әскери іс-қимылдарға қатысу үшін 2013 жылы Сирияға кеткен. Онымен қоймай, телефонмен және ғаламтор арқылы діндестермен тілдескенде, Исламды ұстанбайтындарға қатысты әлеуметтік және діни араздықты қоздыруға бағытталған пікір білдірген және лаңкестік ұйымға қосылу үшін Сирияға шақырған.

Сөйтіп ҚР ҚК 257-бабы 2-бөлігі (лаңкестік топ қызметіне және ол жасаған лаңкестік актілеріне қатысу), 164-бабы 1-бөлігі (әлеуметтік, діни араздықты қоздыру), 233-1-бабы 2-бөлігі (БАҚ-ты пайдалана отырып, лаңкестікті насихаттау), 233-4-бабы 1-бөлігімен (лаңкестік және экстремистік ұйымға адамдарды тарту) қарастырылған қылмысқа барған.

Сот Ж.Арыстановты ҚР ҚК 164-бабы 1-бөлігі, 233-1-бабы 2-бөлігі, 233-4-бабы 1-бөлігі (1997 жылғы редакцияда), 257-бабы 2-бөлігіне сәйкес айыпты деп таныды. ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі қолданыла отырып, қылмыстар жиынтығымен, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті үкім кесілді. Яғни, мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар