Сириядағы ахуал: ҰҚШҰ Тұрақты кеңесі мәлімдеме қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия Араб Республикасындағы жағдайға байланысты бүгін ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуровтың және Ресей Федерациясының бастамасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Тұрақты кеңесінің шұғыл отырысы болып өтті. "ҚазАқпарат" ХАА отырыс қорытындысы бойынша мәтінді жариялайды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Тұрақты кеңесінің

Сирия аумағына зымыранмен шабуыл жасауға байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Тұрақты кеңесі Сирия Араб Республикасының (САР) аумақтық тұтастығы мен бірлігін, егемендігін қолдайтынын растай отырып, 2018 жылғы 14 сәуірінде халықаралық құқықтың нормалары мен негізгі қағидаттарын бұзу жолымен Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына қарамастан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясынсыз Ұлыбритания, Францияның қолдауымен АҚШ-тың зымыранмен жасаған соққысын айыптайды.

Осы әрекет Сириядағы террористік қауіптерді тезірек жою және ішкі сириялық қақтығыстарды саяси-дипломатиялық құралдармен шешу бойынша күш салуға қарама-қайшы жағдайды тудырады, аталған елдегі жағдайды гуманитарлық деградацияға алып келеді деп есептейді. Бұл сонымен қатар аймақтағы және жалпы әлемдегі шиеленістің ары қарай біртіндеп үдеуіне алып келеді.

ҰҚШҰ Тұрақты кеңесі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау және қалпына келтіру бойынша халықаралық бірлестіктер жүктеген міндеттерді орындауға барынша күш салуға шақырады. Сирия халқының бүдан арғы қасіретінің және қазіргі заманның халықаралық қарым-қатынастарының жүйесіне зиян келтірілуінің алдын алу мүддесі үшін халықаралық құқық құралдары мен қағидаттарын қатаң түрде қолдану САР-дағы дағдарыстың өршіп кетуінің алдын алу мүмкіндігін сақтайтынына сенімдіміз.

14 сәуір 2018 жыл. Мәскеу қ.»

Айта кетсек, ҰҚШҰ құрамына Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы кіреді. 

Соңғы жаңалықтар