Сирия-Ирак аймағынан Қазақстанға 40-тан астам бала оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия-Ирак аймағынан 125 қазақстандық, оның ішінде 40-тан астам бала оралды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы Жанат Сайполдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елге оралған тұлғалардың қатарында соғыс іс-қимылдарына қатысқандармен бірге әйелдер де, балалар да бар. Сондықтан осындай сан шығып отыр. Балаларға қатысты нақты цифрды айта алмаймын. Бірақ олар шамамен 45-ке жуықтайды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қалған қазақстандықтарға үздіксіз жедел бақылау қойылып, алдын алуға бағытталған шаралар жүргізілуде.

Айта кетерлігі, Үкімет отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков қазіргі кезде Қазақстанға 125 азамат қайта оралып, олардың 57-сі сотталғанын, қалғандары бақылауға алынған айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар