Сирия бойынша Астана келіссөзінің уақыты өзгереді деген ақпарат жоқ - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінде Сирия келіссөздері бойынша Астана процесі 6-шы кездесуінің уақыты өзгереді деген мәлімет жоқ. 

Бұл жайында аталған ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде Сирия бойынша келіссөз өткізу мерзімінің өзгергендігі туралы еш мәлімет жоқ»,-  деді Әнуар Жайнақов.

Сонымен қатар СІМ өкілі келіссөздер мерзімі өзгеретін болса, онда міндетті түрде бұл жайында хабар беретіндігін баса айтты.

«Егер бізге келіссөздер процесіне барлық қатысушының алдағы келіссөз өткізу датасына қатысты келісілген өзгерісі келіп түсетін болса, онда біз бұл жайында дер уақытта ақпарат беретін боламыз», - деді ол.

Айта кетейік, Астана  процесінің келесі кезеңі тамыз айының соңына белгіленген. Дегенмен, бірқатар БАҚ сирияаралық келіссөздердің одан ертерек өтуі мүмкін деген ақпарат таратқан болатын.

Соңғы жаңалықтар