Сирия азаматы Қазақстанға жалған құжатпен келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ел аумағына жалған құжаттармен келген Сирия азаматына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық сотының мәліметінше, Сирия азаматы 2017 жылдың 17 тамызында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын жалған төлқұжатпен кесіп өткен.

Ол әуе билеттерін сатып алу кезінде Болгария Республикасы азаматының жалған құжатын ұсынған. Осылайша заңсыз құжатты Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланған.

«Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотының үкімімен сотталушы  ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен және 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  500 АЕК көлемінде, яғни 1 134 500 теңге сомасында айыппұл салынды. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының аумағынан 5 жылға шеттетіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар