Сирил Рамапоса - ОАР президенті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джейкоб Зума отставкаға кете салысымен Сирил Рамапоса Оңтүстік Африка Республикасының президенті болып сайланды, деп хабарлайды euronews.

Мемлекет басшысы лауазымына  ол бұрынғы президент Джейкоб Зума  өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаннан кейін, бейсенбі күні Ұлттық Ассамблея  отырысында сайланды.

65 жастағы саясаткер және бизнесмен Рамапоса - биліктегі «Африка ұлттық конгресі» партиясының көшбасшысы. Ол депутаттардың ұсынған жалғыз кандидаты болды.

Соңғы жаңалықтар