Сирек кездесетін құстарды Ақтөбеге жеткізбек болған ОҚО тұрғыны ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 31 қазан күні сағат 19-25-тер шамасында Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күдікті «LADA Largus» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөлік ішінен матаға оралған 2 дана ителгі құсын табылды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған құстарды заңсыз тасымалдағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркеліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталған азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Соңғы жаңалықтар