Синтетикалық киімде болатын пластик талшықтары мұхиттарға залал келтіре бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Синтетикалық киімді жуу кезінде немесе қозғалыс үстіндегі көлік дөңгелегінен бөлініп, ұшатын пластиктің микроскопиялық талшығы әлемдік мұхиттың ластануының негізгі көздерінің бірі болып табылады, дейді ғалымдар. 

Кей жерлерде аталмыш пластик талшықтары көзге көрінетін өзге ластауыш заттарға қарағанда мұхиттарға едәуір залал келтіруде.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының соңғы есептерінің бірінде айтылғандай, пластиктің микроталшықтары мұхиттарды ластайтын пластмассаның жалпы көлемінің 15-тен 31 пайызына дейін құрайды. Сандық мәнде бұл жылына 9,5 млн тонна микропластика.

«Мұхиттағы микроталшықтардың басым бөлігі синтетикалық киімді жуудан немесе дөңгелектен келген деп есептейміз», - деді Би-би-симен әңгімелесу барысында теңіздердің ластануы бойынша бағдарлама басшысының орынбасары Франсуа Симар.

 «Микроталшық қоректену тізбегінің бөлшегіне айналды. Пластика ағынын  бірлесіп тежейік», - деді эколог.

Зерттеушілердің айтуынша, микропластика көздерінің тағы бірі - косметика пайдаланудан болатын қалдықтар. Бұл проблема  ішінара шешілуде: Waitrose, John Lewis, Marks & Spencer және Body Shop сияқты көптеген ірі британдық бөлшек желілер пластика қосылмаған косметика мен тауарларды сатуда. 2017 жылдың соңында бірнеше ірі компания солардан үлгі алмақ.

Алайда, дөңгелектегі және киімдегі пластикті жою күрделірек болады деп санайды экологтар.

Соңғы жаңалықтар