Синоптиктердің болжауынша Қазақстанда ерекше аптап ыстық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің оңтүстік, орталық және шығыс облыстарында ерекше аптап ыстық ауа-райы болып тұр. Егер де республиканың шығысы мен орталығында атмосфералық ағындарға байланысты қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр болып, осының әсерінен ыстықтың аздап әлсірегені байқалса, ыстық ауа-райы оңтүстік және оңтүстік шығыста әлі де сақталады, ауа температурасы нормадан 5-8ºС жоғары болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Батыс Сібірдің үстінде орналасқан циклонның оңтүстік перифериясы Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына әсер ететін болады. Сондықтан, осы аймақтың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, қатты екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы нормаға жақын болады деп болжануда.

20 маусымда Астанада көшпелі бұл шығады, алайда жауын-шашын болмайды. Батыс, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с болады.Түнде ауа температурасы  +15+17 °С, күндіз +28+30.

Алматыда 20 маусымда көшпелі бұл тұрады, найзағайлы жауын бүркіп өтеді. Жел 2-7, жаңбыр кезінде екпіні 10 м/с-ге жетеді. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С болады.

Соңғы жаңалықтар