Синоптиктердің 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 9 ақпан күні республиканың солтүстігі мен шығысында аздаған қар күтіледі.  Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерін тұман басып, желдің күші 15-23 м/с артады. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз жекелеген жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі. 

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болжанады, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

 

Соңғы жаңалықтар