Синоптиктердің 25 қарашаға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қараша күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстікте және солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Маңғыстау, Ақтөбе, күндіз Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

 

Соңғы жаңалықтар