Синоптиктердің 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қаңтар күні антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысында, солтүстік-батысында аздаған қар күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болжанады, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жекелеген жерлерде тұман күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында бұрқасын көтеріледі.

Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с артады.

Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей аумақтарын тұман басады.

Атырау облысында тұман мен көктайғақ болжанады.

 

Соңғы жаңалықтар