Синоптиктердің 21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қаңтар күні антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Елдің тек батысында, солтүстік-батысында аздаған қар күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман болжанады. Батыста көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерін басып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз екпіндегі жел күтіледі.

Ақтөбе облысының, 18 м/с жылдамдықтағы жел, түнде жаяу бұрқасын болжанады.

Атырау облысында тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күше

Маңғыстау, Павлодар, түнде және таңертең  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. 

 

Соңғы жаңалықтар