Синоптиктердің 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 12 желтоқсан күні елдің басым бөлігінде жауын-шашын (қар) жауады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және солтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.  

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей аумақтарында түнде және таңертең бұрқасын болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Атырау облысында көктайғақ болжанады.

Соңғы жаңалықтар