Синоптиктер демалыс күнгі ауа райы болжамын жария етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, оңтүстік батысында жауын-шашынсыз, күн ыстық болады.

Күндіз термометр бағаны + 35...40º кей жерлерде 43ºС болады. 27 шілдеде Алматы мен Талдықорғанда 1943 жылдан бері қайталанбаған аптап ыстық болды.

Қазақстанның батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 31 шілдеде ыстық түседі деп күтілуде. Демалыс күндері кей жерлерде + 37...41º болады.

Республиканың солтүстік, орталық, шығыс аудандарында ауа райы жылы болады. Кей өңірлерде жауын жауып, күн күркірейді.

Қазақстанның барлық аумақтарында ауа температурасы климаттық нормадан 3...7ºС-қа жоғары болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар