Синоптиктер демалыс күндерінің ауа райына болжам жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 19-21 тамыз аралығына ауа райы болжамын жасады. 

«Қазақстанның басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады. Таяу күндері еліміздің батыс, оңтүстік батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, күндіз теромометр бағаны 28-37 градусқа көтеріледі», - делінген хабарламада.

Республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік шығыс бөлігінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел тұрып, бұршақ түсуі ықтимал. Түнде ауа температурасы 2-12, күндіз 20-32 градус жылы болады.

Оңтүстік өңірлерде желге байланысты ескерту жарияланды.

Қызылорда облысында 19 тамыз күні солтүстік шығыс, солтүстіктен жел тұрып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ты құрайды.

18-20 тамыз күндері Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар