Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың солтүстігінде күн күркіреп өткінші жауын жауады, оңтүстікте жауын-шашынсыз, ыстық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.

22-24 шілдеде Оралдан Батыс Сібірге ауысқан циклонмен республиканың солтүстігіндегі ауа райына ықпал ететін атмосфералық ағындар өзара байланысты болады. Ағынның шығысқа жылжуына қарай олар өткінші жауынға ұласып, күн күркіреп, жел тұрады. Бұршақ жаууы да мүмкін.
Қазақстанның оңтүстік бөлігі бұрынғыша жоғары атмосфералық қысым аумағында болады. Ыстық сақталып қана қоймай, күшейе түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста температура 33-38º С, кей жерлерде 42º С, оңтүстік-шығыста және орталықта 30...38º С болады.

Астанада 22 шілдеде ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік шығыстан - 7-12 м/с. Түнде температура +14+16°С, күндіз +28+30°С. 23 шілдеде: бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік батыстан, батыстан 7-12 м/с соғады. Түнде температура +16+18°С, күндіз +31+33°С. 24 шілде: күн бұлттанғанымен жауын-шашын болмайды. Ауа ағындары солтүстік батысқа ауыса отырып жел - 9-14 м/с. Түнде температура +19+21°С, күндіз +31+33°С.

Алматыда 22 шілдеде бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура +18+20°С, күндіз +32+34°С. 23 шілде: күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура +18+20°С, күндіз +32+34°С. 24 шілдеде: жауын-шашынсыз, желдің күші 0-5 м/с. Түнде температура +18+20°С, күндіз +33+35°С.

Соңғы жаңалықтар