Синоптиктер алдағы демалыс күндері өткінші жауын жауады деп болжайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет РМК синоптиктері 24-26 маусымға арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында өткен тәуліктерде ауа-райы 32-ден - 39-ға дейін,  кей жерлерінде  максималды 40-тан 43 градусқа дейін аптап ыстық болды. Осы кезеңдегі ауа температурасының 5-7ºС жоғары болуы қалыпты саналады. Осы аймақтарда, алдағы үш тәулікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ыстықтың беті қайтады  деп күтілудк, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай жарқылдап, дауылды жел 15-25м/с соғып, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал», - делінген хабарламада.

Республиканың қалған аймағында Ресейдің Еділ өзені бойынан жылжып келе жатқан, салқын ағындардың әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ пен қатты екпінді жел болады деп болжануда. Температура төмендейді, ол климаттық нормаға жақын болады.  

Астана қаласына арналған ауа райы болжамы
24 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 9-14 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +27+29°С.
25 маусым: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С.
26 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.

Алматы қаласына арналған ауа райы болжамы

24 маусым: күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Желдің екпіні - 2-7 м/с, оның ұйытқуы - 10 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С.
25 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні - 2-7 м/с, ұйытқуы - 10 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +27+29°С.
26 маусым: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-7 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

Соңғы жаңалықтар