Синоптиктер алдағы 3 күннің ауа райы болжамын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 19-21 қазанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғарыштан түсірілген суретте Қазақстанның үстінде бұлтты суық ауа  ағындары байқалып тұр. Алдағы тәулікте республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кейбір жерлерінде күшті нөсер болуы ықтимал», - деп хабарлады синоптиктер.

Салқын ағындардың артынан Кавказ аумағынан антициклон таралады. Соған байланысты республика аумағында жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді.

Батыс Сібірге Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан кезекті циклон жетеді. Ол Қазақстан аумағынан алыс болса да, оған кіретін арктикалық атмосфералық ауа ағындары жүйесі 20-21 қазанда республиканың батыс және солтүстік облыстарына ауысып, жауын-шашын алып келеді. 

Соңғы жаңалықтар