Синоптиктер 13 ақпанда Қазақстанда ауа сапасының қандай болатынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 ақпан, сейсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 16 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Ақсай, Орал, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Қарағанды Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Теміртау, Өскемен қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін болады.

Атырау атмосферасында аздаған ластаушы заттар жиналуы мүмкін. Сондай-ақ Ақтау, Жаңаөзен, Қостанай, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларында атмосфераға ластаушы заттар таралады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желсіз ауа, баяу жел, тұман, инверсия ескеріледі. 

Соңғы жаңалықтар