Singer-2017 байқауының жаңа қатысушысы Димашқа тізеқап сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джулиа Пэн есімді әнші қазақстандық Димаш Құдайбергенге сахнада тізерлеп отырып ән айтатын сәттерде жарақат алып қалмауы үшін тізеқап сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «WeiboKZ-тің» youtube-каналына сілтемемен.

Жанкүйерлер Димаштың әнді жан-дүниесімен беріле шырқаған сәтте тізерлеп отыра кететінін әлдеқашан байқаған. «Жеке тәжірибемнен жақсы білемін. Ондай сәтте әнші денесінің ауырған-ауырмағанын сезбейді. Сезімге билеген сахналық күй сездіртпейді», - дейді оның ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жанкүйерлік тобындағы жанкүйері.

«Мен Димаштың жоғары ноталарды алатын сәтте тізерлеп отыра кететінін байқады, шамасы осылай отырып айтқанда жоғары дыбыстарды шығару жеңілірек болар», - дейді жанкүйерлер.

Бұған дейін хабарланғандай, Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауының 10 кезеңінде 3-ші орын алды. Ол осылайша финалдық сынға жолдамаға қол жеткізген еді. Оныншы кезеңде жерлесіміз Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған «Ұмытылмас күн» атты өз әнін шырқаған.

Һupu.com порталының мәліметінше, Димашпен бірге финалға қытайлық Лин Илиан мен осы елдің тобы «狮子» (Арыстан) өтті. 

Соңғы жаңалықтар