Singer-2017 байқауы туралы не білеміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Singer 2017» реалити-шоуы Корея Республикасы MBC телеарнасы «I am singer» әншілер жарысы реалити-шоуының қытайлық нұсқасы. Ән байқауы Қытайдың Хунан телеарнасынан 2013 жылдан бастап эфирде көрсетіле бастады. Жобаға Қытай эстрадасының жарық жұлдыздары, сондай-ақ Корея, Макао, Гонконг, Сингапурдан қытайға аты мәлім әншілер шақырылатындықтан, тележоба елде ерекше танымалдылыққа ие болған.

null
«I am singer» теле-шоуының бесінші маусымы 2017 жылы Қытай үкіметінің Корей ойын-сауық мәдениетіне шектеу қоюы салдарынан «Singer 2017» болып өзгертіліп, мазмұны және байқау шарттары жаңартылды.

Жобаға жалпы 7 әнші қатысады. Шақыру алған әншілер келісімге сәйкес жобаға қатысуы, байқаудың нәтижесі туралы ақпарат құралдарына айтпауға, құпиялықты сақтуға келісім береді.

«Singer-2017» ән байқауының жарыс кестесі
null 

Іріктеу кезеңі 5 айналымнан, әр айналым 2 кезеңнен тұрады (жалпы 10 кезең). «Жұбату» белдесуі, жартылай финал және екі кезеңнен тұратын финалмен жеңімпаз анықталады. Финал тікелей эфирден көрсетіліп, іріктеу кезеңі алдын-ала түсірілімнен кейін көрсетіледі.

I айналым: 21 және 28 қаңтар.

II айналым: 4 және 11 ақпан.

III айналым: 18 және 25 ақпан.

IV айналым:  4 және 11 наурыз.

V айналым: 18 наурыз, 25 наурыз.

Жұбату белдесуі: 1 сәуір

Финал: 8 және 15 сәуір күндері.

«Singer 2017» қатысушыларын бағалау
  null 

500 тыңдарман сол кезеңдегі ең үздік әншіні бағалап, билет саны ең аз бір қатысушы шығарылып отырады. Әр айналымның қорытындысы бойынша 1-орыннан 7-орынға дейін рейтинг құрылып, жобадан шығып қалған 7-орындағы әншінің орынына жаңа әнші қосылады.

«Singer-2017» байқауындағы Димаш
  null  

Димаш Құдайберген жобаға қатысу үшін 5 қаңтарда Чаншаға барғанын хабарлаған едік. Жобаны ұйымдастырушылар 9 қаңтарда Қазақстандық әншінің қатысатынын жариялады.

Бастапқы екі кезеңде ерекше талантымен көзге түскен жерлесіміз бірінші кезеңде 27.00%, ал екінші кезеңде 24.36% дауыс жинап, бірінші айналымның қортындысы бойынша 25.68% дауыспен бас жұлдені еншіледі.

Димаш Қытайдың Бейжің қаласындағы BGTalent (黑金经纪) продюсерлік орталығымен бірге жұмыс жасауда. Продюсерлік орталық әншінің стилі және жобада сәтті өнер көрсетуіне көмектеседі. Ал байқаудағы жеке продюсері - Қытайдағы үлкен ән байқауларының қатысушысы, қандасымыз Арай Айдархан.

Айта кетейік, «Singer-2017» байқауының 4 кезеңі  Астана уақытымен 20:30-да эфирде көрсетіледі.
null  

Соңғы жаңалықтар