Сингапурлық компаниялар Алматы әлеуетімен танысады

None
None
АСТАНА. ҚазАпарат - Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Үсен Сүлейменнің сингапурлық ірі компаниялардың өкілдерімен билікті бөлу туралы конституциялық реформалар мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауының негізгі қағидалары туралы брифинг өткізді.

Сингапурдағы Елшіліктің хабарлауынша, іс-шара сәуір айына жоспарланған Алматы қаласының сауда-экономикалық әлеуетімен танысу және бизнес өкілдерімен ынтымақтастықты орнату мақсатында Сингапурдың Сауда және өндіріс жөніндегі мемлекеттік министрі Ко По Кун бастаған сингапурлық делегацияның, оның құрамындағы ірі бизнес өкілдерінің сапарына бағытталған. Оның үстіне, аталған сапар барысында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық-сингапурлық бизнес форумының ұйымдастырылуы жоспарлануда.

Брифинг барысында Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Үсен Сүлеймен Елбасы Н.Назарбаевтың жүйелі саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық кезеңі ішінде экономикасы мен саяси жүйесі мықты және берекелі әрі көп ұлтты қоғам ретінде қалыптасқанын және әлемнің 50 үздік елдер қатарына кіруге мүмкіндік бергенін жеткізді.

Қазақстандық дипломат Елбасы ұсынған конституциялық реформалар мемлекеттің сауда-экономикалық әлеуетін нығайту жолында және елдің экономикалық дамуының болашағы мен инвестициялық қызығушылығын арттыруға айтарлықтай серпін бере алатынын баса айтты.

Сонымен қатар, брифинг шеңберінде Елші сингапурлық бизнес топтарын Қазақстанның инфрақұрылымдық жобалардың, әсіресе, "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру шеңберінде, оған қоса, өзара сауданы іске асыру мақсатында, Қазақстан стратегиялық маңызды "Жібек жолы эконономикалық белдеу" жобасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Ляньюнган портындағы қазақстандық-қытайлық терминалының мүмкіндіктерін зерттеуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар