Сингапур Сағынтаевтың келгенін күтіп отыр - елші Үсен Сүлеймен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы Сингапур мен Қазақстан арасында визасыз режим енгізілуі әбден мүмкін. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың осы елге жасайтын ресми сапары барысында басқа да үкіметаралық құжаттар рәсімделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Сингапурдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Үсен Сүлейменнің айтуынша, қазіргі кезде өзара инвестицияларды қорғауға қатысты келісім дайын. "Олар аталған құжатқа қазір-ақ қол қоюға даяр. Бірақ біздің Премьер-Министріміз Сағынтаев мырза ресми сапармен келгенше күтеміз дейді. Аталған сапар келесі жылдың наурыз-сәуір айларына белгіленіп отыр. Қазіргі кезде біз соның барлығын пысықтап жатырмыз. Үкімет басшысы ресми сапармен келгенде 30 күнге дейін визасыз режимді енгізу туралы келісім де рәсімделетін шығар", - деді Ү.Сүлеймен бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Сингапурдағы ресми сапары аясында үлкен бизнес-форумды ұйымдастыру жоспарланған. Елшінің сөзіне қарағанда, форумның тақырыбы да дайын. Негізгі мақсат - екі елдің инвестициялық әлеуетін барынша көрсету. "Біздің жақтан 150-200 кәсіпкер қатысатын шығар. Ал "Самұрық-Қазына" қоры, "Бәйтерек" xолдингі, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы, "Атамекен" палатасы елімізде бизнес үшін жасалып жатқан жағдайлар жайында айтып берсе, әріптестік байланыстарды күшейтуге болатын еді. Олар да ең мықты деген 200 компанияны алып келмекші. Негізгі мақсаттары - нақты жобаларды іске асыру", - деп атап көрсетті Ү.Сүлеймен.
null 

Соңғы жаңалықтар