Сингапур полицейіне пара берген Қазақстан азаматы бір айға түрмеге қамалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 жастағы қазақстандық Елена Калугинаны полицейге 2150 доллар көлемінде пара бермекші болғаны үшін 4 аптаға түрмеге қамады, деп хабарлайды The Straits Times.

Қазақстан азаматшасы 28 шілде күні инспектор Ло Хун Юэге оны тұтқынға алмауы үшін 2150 доллар АҚШ долларын ұсынғанын мойындады. Сот дүйсенбі, 17 шілде күні Елена Кулагинаны 4 аптаға түрмеге қамау туралы шешім шығарды.

Округтік соттың дерегі бойынша, инспектор Ло Хун Юэ мен Ксавьенің штаб-сержанты Сео Хун Ге Royal отелінде болжам бойынша заңсыз виза әрекеттері туралы хабарламаны тексеру үшін Кулагинаның нөміріне барады. Тергеу кезінде ол босатуларын сұрап, жалынады және бас бармағы мен сұқ саусағын үйкеп, ыммен ақша ұсынады.  Инспектор өз кезегінде параның қылмыс екенін ескертіп, оның бұл әрекеті камераға түсірілетінін айтады. Алайда әйел ишаратпен ғана шектелмей, нөмірдегі жылжымалы жәшікті ашып, ақша ұсынып, келесі рейспен үйіне ұшуға уәде етіп, жіберуін өтінеді. Инспектор бұл ұсыныстан бас тартып, оны тұтқындайды.

Соттың шығарған жазасы жеңіл екені айтылады, себебі мұндай қылмыс үшін қазақстандыққа 100 мың доллар айыппұл салынып, жемқорлық үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген.

Соңғы жаңалықтар