«Сinema Towers» ғимаратында болған өрт кезінде адамдар терезеден шыққан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Сinema Towers» кинотеатрында болған өрт кезінде адамдар терезеден шығуға мәжбүр болған.

ҚазАқпарат тілшісіне оқиғаның куәгерлерінен сұхбат алудың мүмкіндігі туды.

«Біз осы маңайда серуендеп жүргенбіз. Сағат 18-30-дар шамасынла «Almaty Towers» ғимараты жақтан қою түтінді көрдік. Жақындап келсек, өрт болып жатыр. Кинотеатрдың шатыры өртеніп жатыр екен. Жоғарғы қабаттағы адамдар терезеден секіріп жатты. Қазіргі таңда мұнда 4 өрт сөндіруші көлік жұмыс істеп жатқанын көрдік. Көріп тұрғандарыңыздай түтін әлі шығып жатыр. Өртті сөндірумен әлі айналысып жатқан болулары керек. Өрттің қызуы бізге де сезілді»,-дейді куәгерлердің бірі Ербол.

Қазіргі таңда Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан батысқа қарай қозғалыс тоқтатылды. Байзақов пен Бұқар жырау көшелерінің қозғалысы да шектелді. Өртеніп жатқан ғимарат қоршауға алынды.



Соңғы жаңалықтар