СІМ басшысы Назарбаевтың шиеленістерді реттеудегі рөлін атап өтті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Əбдірахманов Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткізген келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мəслихатында еліміздің бірқатар тиімді бастамалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтсақ, Сыртқы істер министрі белгілі бір себептерге байланысты бөлініп кеткен  Ислам əлемін жақындатудағы Қазақстанның  бастамаларына тоқталды.

Сондай-ақ, министр Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтірудегі рөлін ерекше атап өтті.

«Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы ортақ тіл табыса алды. Біздің екі серіктес елдің тіл табысу процесіндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін өзіңіз де біліп отырсыз», - деді Қ.Əбдірахманов С.Лавровпен əңгімелесе отырып.

Бұдан өзге, Қ.Əбдірахманов Қазақстанның өзге де бейбіт бастамаларына тоқталып өтті.

Соңғы жаңалықтар