Сицилия жағалауында түркиялық кеме батып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның жағалау күзеті Панама туының астында кетіп бара жатқан, түркиялық компанияға тиесілі кеменің 16 экипажын құтқарып қалды.

Түркиялық жүк тасымалдаушы кеме Жерорта теңізінде Сицилия жағалауынан 38 км жерде суға кетті. Бұл туралы Daily Sabah хабарлады деп жазады lenta.ru.

Ұзындығы 136 метр болатын жүк тасымалдаушы кеме амоний фосфатын Сенегалдан Хорватияға тасымалдап бара жатқан.

Соңғы жаңалықтар