Сиам егіздері сәтті отадан кейін бір-бірінің жүзін алғаш рет көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда екіге ажыратқан сәтті отадан кейін сиам егіздері бір-бірінің жүздерін көріп, тұңғыш рет Жаңа жылды «дербес» атап өтті.

Жалпы үнділік медицина ғылымы институтының (AIIMS),  жетекшілігі мәлім еткендей, жастары екі жыл сегіз айдан кейін асқан, бастары түйіскен Джаганнатх  мен Калья Канварлар екі ауыр отадан кейін бір-бірін көре алатын болды.

Отаға жетекшілік еткен нейрохирургия профессоры доктор Дипак Гуптаның мәлімдеуінше, сәбилердің  денсаулығы біртіндеп жақсарып келеді. Енді соңғы, қорытынды кезеңде  олардың бастарын қалыпты нормаға кетіру үшін пластикалық ота жасалуы керек, деп хабарлайды ТАСС.

Соңғы жаңалықтар