Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы серіктестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті - «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Егемен Қазақстан" газеті жазды.

Жеделхатта Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының 19-шы Бүкілқытайлық съезінің өтуімен және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы болып қайта сайлануымен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.

ҚХР Төрағасы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына оң баға беріп, саяси өзара сенімнің үздіксіз нығайып келе жатқанын, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесе жүзеге асырудың нәтижелілігін атап өтті.

«Қазіргі халықаралық және өңірлік жағдайда екі елдің игілігі үшін Қытай мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытудың, сондай-ақ өңірдегі және бүкіл әлемдегі өркендеу мен тұрақтылықты қолдаудың маңыздылығы артып келеді. Мен Сізбен бірге партияларымыз бен елдеріміз арасындағы жан-жақты және терең дамыған қарым-қатынастарымызды одан әрі жандандыра түсу үшін күш жұмылдыруға әзірмін», - делінген жеделхатта. 

Соңғы жаңалықтар