Си Цзиньпин «Цифрлық Қытай» құру үшін зерттеулер мен инновацияларды дамытуға шақырды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин ҚКП 19-съезінде «Цифрлық Қытай» және «ақылды қоғам» құру үшін зерттеулер мен инновацияларды дамытуға шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Қытайды әлемдегі ғылым және технологиялар, өнім сапасы, ғарышкерлік, желілік технологиялар, көлік салаларындағы көшбасшы елдердің біріне айналдыру, сондай-ақ «Цифрлық Қытай» мен «ақылды қоғам» құру үшін негізгі қолданбалы зерттеулерді жандандыру, инновацияларға, алдыңғы қатарлы технологияларға көбірек мән беру қажет», - деді Си Цзиньпин.

Еске сала кетейік, ҚКП 19-съезі 2017 жылдың 24 қазанына дейін жалғасады. Күн тәртібіне үш құжатты қарау және қабылдау мәселесі қойылған, олар: ҚКП ОК баяндамасы, ҚКП Орталық комиссиясының тәртіпті тексеру жөніндегі баяндамасы және ҚКП жарғысына түзетулер енгізу жайлы құжат.

Форум барысында Саяси бюро тұрақты комитетінің, Саяси бюроның және Орталық комитеттің кадрлар құрамы жаңартылады. Съезд жұмысы аяқталғаннан кейін ҚКП ОК 19-шақырылымының бірінші пленумы өтеді. Онда ҚКП ОК-ның құрамы және Орталық комиссияның тәртіпті тексеру жөніндегі жаңа құрамы жарияланады. ҚХР өміріндегі басты саяси апталықтың жалпы нәтижелері 26 қазанда өтетін баспасөз конференциясында қорытындыланады.

Соңғы жаңалықтар