ШЫҰ және АӨСШК лаңкестікке қарсы бірлесе күреседі

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы (АЛҚҚ) кеңесінің  31-ші отырысы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, ШЫҰ АЛҚК өкілдері, сондай-ақ 2017 жылғы маусымда ШЫҰ-ның Астана саммитінде алғаш рет ұйымның тұрақты мүшелері мәртебесін алған Үндістан мен Пәкістан өкілдері қатысты.

ҚХР төрағалық еткен ШЫҰ АЛҚҚ Кеңесінің отырысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің лаңкестікке, сепаратизмге, экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастығы мәселелері және 2017 жылғы Интернет кеңістігіндегі  «үш зұлым күштеріне» қарсы қимыл нәтижелері талқыланды. Лаңкестікке қатысы бар тұлғалардың қозғалыс арналарын анықтау мен оның жолын кесу, соның ішінде олардың қарулы қақтығыстар жүріп жатқан жерлерге баруы мен одан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағына қайтуына тосқауыл қою саласындағы өзара бірлескен әрекеттерді тереңдету туралы шешім қабылданды.

Отырыста ШЫҰ АЛҚҚ Атқару комитетінің жұмыс жоспары, шекара қызметтері мамандар тобының қызмет бағдарламасы, лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі мамандар тобының жұмыс жоспары бекітілды. Кездесуге қатысушылар ШЫҰ АЛҚҚ мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Хатшылығы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттаманың жобасын, сондай-ақ ШЫҰ АЛҚҚ, ТМД Лаңкестікке қарсы орталығы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы Хатшылығы арасындағы ынтымақтастық меморандумының жобасын қабылдады.

ШЫҰ АЛҚҚ Кеңесі отырысының қатысушыларымен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь кездесті. Ол Қытайдың ШЫҰ-ның үстіміздегі жылғы маусымда Астанада өткен саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ұйымға мүше мемлекеттердің басқа лидерлері қол жеткізілген маңызды консенсусты белсенді қолдайтынын жеткізді.

ШЫҰ АЛҚҚ Кеңесінің 2017 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы қыркүйекке дейінгі төрағалығы Қырғызстанға өтті. ШЫҰ АЛҚҚ Кеңесінің келесі 32-ші отырысын 2018 жылғы сәуірде Өзбекстанның Ташкент қаласында өткізу жоспарланды.

Соңғы жаңалықтар