ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысы Сочиде жаңа форматта өтеді

None
None
САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған халықаралық конференция аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесі 30 қараша - 1 желтоқсан күндері Сочиде алғаш рет «сегіздік» форматында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Өзбекстандағы меншікті тілшісі.

«Бұл 2017 жылдың басты оқиғаларының екіншісі. Біріншісі Астанада өткен болатын, онда ұйымның кеңейтілуі туралы тарихи шешім қабылданған болатын. Үндістан мен Пәкістан көптен бері белгілі бір отырыстарға дайындық жұмыстарына қатысып келеді. Қазіргі таңда Сочиде өтетін «сегіздік» форматына дайындалып жатырмыз», - деді Рашид Алимов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа форматтағы кездесу ШЫҰ-ға мүше елдердің өңірлік ынтымақтастығын жандандыра түседі, кең өңірлік ынтымақтастық жасауға жаңа қарқын береді.

Сочидегі кездесудің күн тәртібі ағымдағы жылдың 25 қараша күндері өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысында жасалады. «Мен бұл ретте сауда-экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық сипаттағы блокты айтып отырмын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар