ШЫҰ СІМ кеңесінде 14 құжаттың жобасы бекітілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлер кеңесі отырысының қорытындысы бойынша 14 құжаттың жобасы бекітілді. Ол құжаттар осы жылдың 9-10 маусымында Қытайдың Циндао қаласында өтетін ШЫҰ мүше елдер басшыларының саммитінде қол қойылуы тиіс, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Тараптар 2019-2021 жылдарға арналған терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес салаларындағы, сондай-ақ ШЫҰ мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі Келісім ережелерін 2018-2022 жылдары іске асыру, 2018-2022 жылдарға арналған ұйымға мүше елдердің ЮНЕСКО-мен өзара әрекеттестігі, қоршаған ортаны қорғау және  індет қауіптеріне қарсы әрекет ету жөніндегі ынтымақтастық концепциясы  бойынша құжаттар жобаларын келісімдеді.
null

Сонымен қатар, тараптар ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің Циндао декларациясы жобасына қатысты келісімге келді

«Үндістан мен Пәкістан Астана саммитінде ұйымның толыққанды мүшелері ретінде қабылданғаннан кейін ынтымақтастық пен ШЫҰ-ның халықаралық аренадағы абыройы арта түсті. ШЫҰ қызметі халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударған әлемдегі әмбебап үлгідегі ең ірі аумақтық бірлестікке айналды», - деді СІМ кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И.

Ол Қытайдың ШЫҰ-на төрағалық етуінің 3 айқын ерекшелігін атады.

«Біріншіден, бұл жан-жақтылық. Қытай тарапы барлық тараптардың ұсыныстарын назарға алады. Төрағалық ету аясында ынтымақтастықтың барлық аспектілерін қамтитын 120-дан астам іс-шара сәтті өткізілді. Олардың ішінде саясат, қауіпсіздік, мәдениет, сыртқы байланыстар бар. Екінші ерекшелік - бұл белсенді қатысу. Қытай тарапы мүше елдер ғана емес, сондай-ақ, бақылаушы мемлекеттер мен диалог құрудағы серіктестер де белсенді қатысқан мазмұнды және алуан түрлі іс-шараларды ұйымдастырды. Қатысушылар арасында шенеуніктермен қоса, сарапшылар, ғалымдар мен БАҚ, жастар және қоғам өкілдері бар», - деді Қытай дипломаты. 

Оның айтуынша, ШЫҰ саммитін өткізуден бұрын партиялар форумы, БАҚ форумы, әйелдер форумы және ушудан жарыс фестивалі өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Циндаода өтетін ШЫҰ саммитіне соңғы дайындық кезеңдерінің бірі саналатын ШЫҰ СІМ Кеңесінің отырысына ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И, сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Үндістан, Пәкістан елдерінің Сыртқы істер министрлері мен ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов қатысты.  

ШЫҰ елдерінің СІМ басшыларымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин кездесті. 

Соңғы жаңалықтар