ШЫҰ мен Шри-Ланка лаңкестікпен бірлесіп күреседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай  ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы (ШЫҰ ӨТҚҚ) және  Шри-Ланка қорғаныс министрлігі жақын арада ынтымақтастыққа арналған құқықтық базаны дайындауды аяқтайды. 

Бұл туралы РИА Новости ӨТҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

2016 жылдың соңында ӨТҚҚ және Шри-Ланка қорғаныс министрлігінің өкілдері Коломбода кездесу өткізді, онда хаттаманың дайындық үдерісі талқыланды, деп хабарлады ШЫҰ терроризмге қарсы құрылымының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тараптар антеррористік оқулар мен аталған тақырыпта халықаралық конференцияларды бірлесіп өткізу мәселелерін де талқылады.

ШЫҰ - 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары құрған халықаралық ұйым. Бүгінгі таңда ШЫҰ бақылаушы елдері қатарында Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия бар. Әріптес елдер - Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.

2004 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Ташкент қаласында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар