ШЫҰ мен ЭСКАТО-ның жоғары деңгейдегі алғашқы кездесуі Бангкокта өтеді

None
None
САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және БҰҰ Азия-Тынық мұхит өңірі бойынша экономикалық-әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) 23 қарашада Бангкокта алғаш рет жоғары деңгейлі кездесу өткізеді. Бұл жайлы Өзбекстанда өткен Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияда ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«Бангкокта 23 қарашада алғаш рет ЭСКАТО-мен бірлескен шара өткіземіз. Ол министрлер және министрлер орынбасарлары деңгейінде болады. Біз оған бір жылдай дайындалдық. Кездесу ЭСКАТО-ның Тайланд астанасында жыл сайын 57 мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтетін арнайы конференциясының бағдарламасына енгізілген. Шара ШЫҰ-ның транзиттік әлеуетіне арналады», - деді Рашид Алимов.

ШЫҰ Бас хатшысы алдағы шара ұйымның жаңа жетістігі екендігін тілге тиек ете, жүк айналымын жылдамдатуға септігі тиетін жаңа көлік дәліздерін ашу мүмкіндігін беретінін атап көрсетті. Оның сөзіне қарағанда, ШЫҰ елдерінің нормативтік базаны жетілдіріп, шекара және кеден органдары арасындағы ынтымақтастықты жақсарта түскені ұйымға қатысушылар үшін жаңа дәліздер ашуға жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар