ШЫҰ мен ЕҚЫҰ бас хатшылары Мюнхен конференциясы аясында кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  2017 жылғы 17 ақпанда Мюнхенде еуропалық тараптың бастамасымен ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимов пен ЕҚЫҰ  бас хатшысы Л. Занньенің кездесуі өтті.

ШЫҰ хатшылығы хабарлағандай, тараптар еуропалық кеңістіктегі қауіпсіздік саласындағы істер жағдайын талқылады. Өңірлік және жаһандық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Кездесу ШЫҰ Хатшылығы делегациясының Мюнхен қауіпсіздік конференциясының шараларына қатысу аясында өтті.

Қауіпсіздік жайында маңызды мәселелерді талқылайтын Мюнхен үкіметтік емес тәуелсіз ұйымының 1963 жылы НАТО-ға мүше елдердің «қорғаныс ведомстволары өкілдерінің отырысы ретінде» негізі қаланды. Қазіргі уақытта бұл халықаралық пікірталастық форумда жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды құжаттар қабылданбайды. Алайда конференция кездесу және әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен дипломаттар деңгейінде қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерін талқылайтын маңызды алаң саналады.

Соңғы жаңалықтар