ШЫҰ хатшылығы сайтының ағылшын тіліндегі нұсқасы іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығының ресми веб-сайты өз аудиториясын кеңейтуде: енді оқырмандар ұйымның қызметі, Бейжіңдегі штаб-пәтер мен ШЫҰ елдері аумағында өтетін шаралар жайлы қытай, орыс және ағылшын тілдерінде сапалы және көпжоспарлы ақпарат ала алады.

Веб-сайт аудиториясына ыңғайлы болу үшін және сараптамалық, ғылыми ортаға ШЫҰ туралы ақпарат алуға көмектесу үшін хатшылықтың баспасөз қызметі ШЫҰ аясында 15 жылда қабылданған барлық құжаттар пакетін үш тілде жариялады.

ШЫҰ хатшылығының баспасөз қызметі веб-сайтты жақсарту және толықтыру, халықаралық аудиторияға қолжетімді ету жұмыстарын жалғастыруға ниетті.

Соңғы жаңалықтар