ШЫҰ елдерінің Президенттері терроризмге қарсы бірлесе күресу туралы мәлімдеме жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтетені Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде мүше мемлекеттердің Президенттері терроризмге бірлесе қарсы тұру туралы мәлімдеме жасайды. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ШЫҰ кеңістігі шекарасында байқалып отырған терроризм, сепаратизм мен экстремизм, есірткі мен қару-эжарақтың заңсыз айналымы, кибертерроризм мен трансұлттық ұйымдасқан қылмыс мүше мемлекеттердің  қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының одан ары тереңдету қажеттігін көрсетіп берді. Осы айда Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының  12-ші кездесуі өзара іс-қимылдың бұл механизмінің тиімділігін, оның ШЫҰ аясында қолданылатын жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын үйлестіруге қабілеттілігін тағы бір  көрсетті», - деді ол.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта ұйымның кеңейетіндігін ескере отырып, ШЫҰ-ның өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымдары қызметін, сонымен бірге аймақта үш зұлымдыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік ұйымдардың құзыретті органдарының өзара іс-қимылын  нығайту қажет.

«Алдағы ШЫҰ саммитінде ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының  халықаралық терроризмге қарсы бірлесе іс-қимылы жасау туралы мәлімдемесін қабылдау дер уақытында болар еді. Соңғы жылдың ішінде біздің елдеріміздің құзыретті органдары тарабынан экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша ШЫҰ конвенциясының жобасын дайындау бойынша өте ауқымды жұмыс жүргізілді. Әріптестерімді алдағы ШЫҰ саммиті барысында конвенцияны бекіту үшін оның жобасын келісу ресімдерін жеделдетіп аяқтауға көмек көрсетуге шақырамын», - деді Әбдірахманов.

Сонымен қатар ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2017-2022 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясының жобасын келісуді жеделдету қажеттігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар