ШЫҰ елдерінің экономикалық байланыстарын нығайту қажет - Әбдірахманов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық байланыстарын нығайту қажет. Бұл туралы отырыстан кейінгі брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл туралы отырыстан кейінгі брифингте  ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, ШЫҰ дамуының қазіргі кезеңінде мүше мемлекеттердің негізгі назары ұйым аумағында өңдеу өнеркәсіптерін, көлік-транзиттік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды бірлесе құру арқылы ұзақ мерзімді сауда-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. 

«ШЫҰ елдері  тиімді экономикалық өзара іс-қимылдың көпжақты форматын құру үшін мықты әлеуетке ие. Өкінішке орай бұл әлеует іс жүзінде пайдаланылып отырған жоқ. Ұйым елдерінің қарым-қатынасы екіжақты форматта белең алған. Біз ШЫҰ-ның  іскерлік кеңесі мен банкаралық бірлестігі экономикалық бағыттағы министрлер кеңестері мен жұмыс топтарымен толыққанды араласуын қолдаймыз... Даму банкі мен Даму қорын құру мәселесі де әлі күнге ашық қалып отыр», - деді ол.

Министрдің айтуынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көлік-транзиттік әлеуетін мамыр айында құрылтайшылық отырысы Бейжіңде өтетін ынтымақтастықтың жаңа механизмі аша түсетін болады.

«Қазіргі уақытта жасалып жатқан ұйым кеңістігінде тармақталған көлік бағдарлары жүйесі бар ШЫҰ жолдарын дамыту бағдарламасы біздің елдерміздің барлығына бірдей пайда әкелуі тиіс. Бүгінде «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламаларын түйіндестіру жөніндегі ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Біздің елдерімзідің көптеген ауқымды көлік жобаларымыз ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы қазіргі заманғы құрамдас бөлігі бола алады», - деді Әбдірахманов.  

Соңғы жаңалықтар