ШЫҰ-да тұңғыш жастар пікірсайысы өтті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 21-22 мамырда Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) штаб-пәтерінде қазақстандық тараптың төрағалығы аясында халықаралық жастар пікірсайысы өтті. Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерден студенттер қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Бейжіңде ЖОО-да оқитын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді студенттері тұңғыш рет қазіргі жастар үшін өзекті тақырыптарды ортаға салды.

Олар «Теледидар жас ұрпақтың тәрбиесіне қалай ықпал етеді? Ақылы немесе тегін жоғары білім: қайсы тиімді? ШЫҰ кеңістігінде түлектерді жұмысқа орналастырудың кепілдігін қалай қамтамасыз етуге болады? Ерте некеге отыру: қоғам мен мемлекет үшін игі іс пе әлде проблема ма?» деген басқа да өзекті мәселелер аясында пікір жарыстырды.
null

 Тұңғыш жастар пікірсайысының жеңімпаздары Сан Ии (Қытай), Шу Хань (Қытай), М. Хамралиев (Тәжікстан), А. Сатторов (Тәжікстан), Д. Өтегенова (Қазақстан) атанды. Сөзден түйін түйген шешен студенттерге ұйымдастырушылар атынан грамоталар табысталды.

Шара алдында  ШЫҰ бас хатшысы  Р. Алимов пен ҚХР-дағы ҚР елшісі   Ш. Нұрышевтің кездесуі өтті. Кездесуде тараптар ШЫҰ-ның Астана саммитіне дайындық барысын талқылады.

 

Соңғы жаңалықтар