ШЫҰ Бейжіңде Наурызды атап өтті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 21 наурыз күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) хатшылығы Ұлыстың ұлы күні - Наурызға арналған салтанатты шара өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Шараға елшілер, ҚХР-да аккредиттелген дипломатиялық миссиялар өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, журналистер, бизнес өкілдері, жалпы 400-ден астам адам қатысты.

Биылғы Наурызға арналған мерекелік шараның бір ерекшелігі, оған 2017 жылдың маусымында Астанада өткен ШЫҰ Саммитінде Ұйымның толық мүшелігіне қабылданған Пәкістан мен Үндістан өкілдері алғаш рет қатысты.
null 

Мерекемен құттықтаған ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов үш мың жылдан бері Наурыз Жер бетіндегі миллиондаған адамның сүйікті мейрамы ретінде тойланатынын айтты.

«Наурыз адамдарды табиғатпен үндес өмір сүруге баулып, қайырымдылық, мейірімділік, достық пен ынтымақ, гүлденген болашақ құру идеяларын насихаттайды, бұл «Шанхай принциптеріне» де толығымен сәйкес келеді», - деді ол.
null 

Бас хатшының осы сөзіне видео арқылы құттықтаған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ҚХР-дағы елшілері, ҚХР үкіметінің ШЫҰ-дағы арнаулы өкілі, ШЫҰ Хатшылығының ұжымы да қосылды.

Шарада қонақтарға 2017 жылғы 31 желтоқсан күні Куньмин қаласында (ҚХР, Юньнань провинциясы) өткен ШЫҰ халықаралық марафонының фотокөрмесі, ұлттық қолданбалы өнер туындыларының көрмесі ұсынылды.

 null null null 

 

Соңғы жаңалықтар