ШЫҰ Бас хатшысы: Ұйым қақтығыстарды саяси жолмен шешуге ықыласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) заманауи әлемде қақтығысты жағдайларды  саяси реттеу баламасыз деп санайды.

Бұл туралы сәрсенбіде қытай астанасында ашылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Үкіметтік емес форумының 2-ші жылсайынғы конференциясында ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов айтты, деп хабарлады аталған ұйымның хатшылығы.

ШЫҰ Бас хатшысы лаңкестік ұйымдардың белсенділігінің артуына байланысты әлемде қауіпсіздікке қатердің артқанын айтты. Бұл әлемнің әр өңірлерінде қысымды арттыра түседі. «Ортақ сын-қатерлер мен қауіптерге, әсіресе халықаралық терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге, олардың идеологиясының таралуы  мен насихатталуына, есірткінің заңсыз айналымы,  трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа бірлескен қарсы іс-қимыл ШЫҰ қызметінің басым бағыты болған және солай болып қала бермек», - деді Алимов.

 «Жаһандық терроризмге тиімді қарсы іс-қимылдың күрделі міндеттерін шешу барлық әлемдік қоғамдастықтар күшінің бірігуін талап етеді. Осыған байланысты Астанада қабылданған халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл туралы ШЫҰ мүше мемлекеттердің мәлімдемесі  халықаралық лаңкестікке қарсы кең ауқымды коалиция құруға шақырады», - деді Бас хатшы.

Соңғы жаңалықтар